Қазақстанда қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант өтеді Қаржылық сауаттылық – өз қауіпсіздігіңіздің кепілі! Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен 2025 жылғы 10–20 қазан аралығында бүкіл ел аумағында қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант өткізіледі. Іс-шара https://amlacademy.kz/finiq онлайн-платформасында өтеді. Негізгі мақсат: • Қаржылық алаяқтықтың алдын алу • Азаматтардың қаржылық қауіпсіздік туралы білімін арттыру • Қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту • Көлеңкелі экономикамен күреске азаматтарды тарту Кімдер қатыса алады? Диктантқа Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады, соның ішінде: • Мектеп оқушылары • Колледж және ЖОО студенттері • Мемлекеттік қызметшілер • Қаржы ұйымдары мен корпоративтік сектор өкілдері • Зейнеткерлер және т.б. • Қатысу форматы: Диктант онлайн-тестілеу түрінде өтеді. Қатысушылар үш топқа бөлініп, өз деңгейіне сәйкес сұрақтарға жауап береді: • Оқушыларға арналған • Ересектерге арналған • Қаржылық мониторинг субъектілерінің қызметкерлеріне арналған Қалай қатысуға болады? 1. 2025 жылғы 10 қазанға дейін https://amlacademy.kz/finiq платформасында тіркеліңіз. 2. Тіркеуден өткен соң, диктантқа қатысып, өз біліміңізді тексеріңіз. Неліктен қатысу маңызды? Қазіргі таңда қаржылық алаяқтық түрлері көбейіп келеді. Азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру – олардың өз құқықтарын қорғауға, заңды қаржы құралдарын дұрыс қолдануға, күмәнді әрекеттерден сақ болуға көмектеседі. — Барша Түркістан облысы тұрғындарын және еліміздің барлық өңірлерін белсенді қатысуға шақырамыз! — Толық ақпарат пен тіркелу – https://amlacademy.kz/finiq — Қаржылық қауіпсіздік – әркімнің жеке жауапкершілігі!
