Тасарық ауылында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған фокус-топтық зерттеу өткізілді
24 қыркүйек 2025 жылы Тасарық ауылдық клубында этникалық топтар тығыз шоғырланған елді мекендерде ақпараттық-насихаттық және әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында «Қоғамдағы этносаяси ахуал және этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» тақырыбында фокус-топтық зерттеу жұмыстары өтті.
Іс-шараға аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдардың (Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, «Ассамблея жастары» қозғалысы), ауыл имамдары, көше билері, ауыл ақсақалдары, орта буын өкілдері мен белсенді жастар қатысты.
Кездесуге арнайы келген Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хамид Исақов және Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» теолог маманы Асхат Дүйсен қатысушылармен ашық диалог орнатып, тақырып аясында тұшымды ой-пікірлерімен бөлісті.
Шара барысында:
• Этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға бейімделу деңгейі,
• Этносаралық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері,
• Жастардың этносаралық келісімге қосар үлесі,
• Деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары сынды өзекті тақырыптар талқыланды.
Фокус-топтық зерттеудің басты мақсаты – қоғамдағы этносаяси ахуалды зерделеу, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту жолдарын қарастыру және жергілікті тұрғындардың көзқарасы мен ұсыныстарын ескеру арқылы нақты шаралар қабылдау.
Мұндай іс-шаралар еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ этносаралық татулықты нығайтуға үлкен үлес қосатыны сөзсіз.
Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімі
