🇰🇿 Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара өтті

🔹Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай аудан орталығындағы «Төлеби баба» саябағында салтанатты жиын өтті. Жиында тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биікке көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

🔹– «Көкбайрағымыздың қашанда тұғыры биік болсын, Әнұранымыз әлемнің түкпір түкпірінде жаңғыра берсін, елтаңбамыз үнемі айбынымыз бен абыройымыздың белгісі бола берсін деген тілек білдіремін» – деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.

🔹Іс-шара барысында жастар арасында мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттау, оларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Көк Тудың желбірегені» флешмобы өтті. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары көрерменге концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндер орындады.

https://youtu.be/Ww-dR8vs6Rk?si=dBDEUnVWtQ0G1kc5