ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
✅Төлеби ауданына арнайы іссапармен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Наурызбаев Абылайхан Дағыстанұлы ауданның мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. Кездесуге аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов модераторлық жасап, кездесудің мақсаты мен күн тәртібін таныстырды
↪️Кездесуде департамент басшысы Абылайхан Дағыстанұлы агенттік пен оның аумақтық бөлімшелерінің негізгі қызмет бағыттарын түсіндіріп, мемлекеттік қызметтің облыстағы бүгінгі жай-күйі туралы ақпаратпен бөлісті.
🔸Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі ашықтық екендігін және Президенттің тапсырмасына сәйкес, Агенттік мемлекеттік қызметке кіру және одан шығуды оңтайландыру бойынша мемлекеттік қызмет заңнамаларына өзгерістер енгізуге қатысты бірқатар шаралар қабылдағанын айтты.
🔹Солардың бірі, мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәсілі «е-қызмет» жүйесі арқылы жүзеге асырылатыны, ондағы кандидаттарды іріктеу жүргізудің ерекшеліктері, жоғарғы оқу орындарын үздік бітірген түлектердің мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылдануы.
🔸Департамент басшысы мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің нормаларын сақтау қажеттігіне тоқталды.
🔹Бұған қоса, ойын мекемелеріне барудан бас тартыну, құмар ойындарға, бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және қызметтік автокөлікті тек қызметтік мақсатта пайдалану атап өтілді.
🔸Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында кездесетін өзекті мәселелерді талқылап, қызмет алу кезінде туындайтын әкімшілік кедергілерді жою және азаматтарға оңтайлы, жедел әрі сапалы қызмет көрсету тәртібі түсіндірілді.
✅Жиын барысында мемлекеттік қызметшілер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, департамент басшысынан тұщымды жауап алды.