МЕМОРАНДУМ НЕГІЗІНДЕ АТҚАРЫЛУЫ ТИІС ЖҰМЫСТАР БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

🇰🇿Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудан прокуроры Дастан Мырзағали Кемеқалған ауылдық округі Ақбастау елді мекенінде округ халқымен, «Шымкентцемент» ЖШС басшысы Иван Пакпен кездесті.

✅Кездесу барысында «Шымкентцемент » ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында түзілген үш жақты меморандум негізінде атқарылған жұмыстар барысымен таныстырды.

🔰Серіктестік меморандумға сәйкес Алғабас, Ақбастау, Киелітас елді мекендерінде спорт кешенінің құрылысын жүргізіп, Киелітас, Кемеқалған ауылдық округтеріне ауыз су ұңғымасын бұрғылауы қажет еді.

↪️Мекеме басшысы Иван Григорьевич ауыз су ұңғымаларын қазу кезінде туындаған проблемаларды баяндап, Ақбастау елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысын жүргізудегі кедергілерді әңгімеледі.
Ашық пікір алмасу, сұрақ-жауапқа арналған кездесуде меморандум негізінде атқарылуы тиіс әр нысан бойынша түсіндірді.

©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі