ҚАРАПАЙЫМ ЖҰМЫСШЫ – ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ!
“AMANAT” партиясының бастамасымен жарияланған “ЖҰМЫСШЫ ЖЫЛЫ” аясында ел болашағы үшін адал қызмет етіп жүрген еңбек адамдарын ардақтау – үлкен азаматтық іс!
Сол абыройлы бастама аясында Л. Тәжібаев атындағы шағын жинақты орта мектептің бір топ қызметкері марапатқа ие болды. Олар – қарапайым еңбекпен мектеп тынысын қалыптастырып отырған қарауылдар, жұмысшылар, ұстаздар мен басшы:
1. Жунисов Бекжан Әлиұлы – қарауыл;
2. Нұртаев Нұрлан Бегманұлы – жұмысшы;
3. Байзах Бауыржан Төрегелдіұлы – қарауыл;
4. Қаңлыбаев Бақытжан Тұрапбайұлы – жұмысшы;
5. Ислам Асхат Оңалбекұлы – мұғалім;
6. Абдықалық Самат Абдымүтәліұлы – мектеп директоры.
Осы мектеп ұжымын арнайы барып құттықтаған ауданның белсенді партия мүшесі, ұлағатты ұстаз Гүлманат Төлегенқызы Байзақова марапат иелеріне зор ризашылық білдіріп, ел үшін еткен еңбектерінің ешқашан ескерусіз қалмайтынын жеткізді.
ЖҰМЫСШЫ – ЖАЙ АДАМ ЕМЕС, ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ, ТІРЕГІ!
Бүгінгі марапат – қарапайым еңбекке деген зор құрметтің белгісі.
Алғысқа бөленген азаматтардың еселі еңбегі – келешек ұрпаққа өнеге!