Ауданымызда «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылып отырған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыру оқу семинары Зертас ауылдық округінде жалғасуда.
24-28 ақпан аралығында өтетін 5 күндік оқу курсына 70-80 адамнан топ жасақталып, олар отбасылық кірісті есептеудің әдістерін, артық шығындарға ұрындыратын тәуекелдерді меңгеріп, отбасыға материалдық салмақ боп тұрған несие қарыздарын өтеудің жолдарын үйренеді. Өз ісін бастаймын, кәсіпкер болуға талпынамын деген тұрғындарға бағыт-бағдар беріліп, бизнес бастаудың әдістері жөнінде қең ауқымды мағлұматтар берілетін болады.