Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында АЭС салу туралы референдум өтетінін жариялады. Жалпы, қазір көптеген технология, өндіріс орындары мен кәсіпорындарға, тіпті тұрғындарға электр энергиясы ауадай қажет. Тұрмыс-тіршілігіміз түгелдей осы ресурсқа байланған. Бірақ соңғы кездері елімізде энергетика тапшылығы байқалып жатыр. Ал бұл мәселені шешудің ең тиімді жолы атомнан энергия өндіру. Жасыратыны жоқ, халық арасында түйіні тарқатылмаған сұрақ көп. Ең бастысы — біз атом қаруы мен бейбіт атом энергиясын шатастырмауымыз қажет. Дұрыс білмейтін адамдарға түсіндіруіміз керек. Себебі, әлемдегі көптеген дамушы елдер заманауи АЭС-тер салу арқылы энергетика тәуелсіздігіне қол жеткізіп отыр. Біз де дамуды қаласақ, заман көшінен қалмауымыз керек.
*Бажиев Асан- қоғам белсендісі, ҮЕҰ өкілі*