Сарқырама елді мекенінде маңызды кездесу өтті. Аудандық мәслихат депутаты Д.Омаров ауыл тұрғындарына Атом электр станциясын (АЭС) салу жөнінде кең көлемде ақпарат берді. Кездесуге мектеп мұғалімдері де белсенді түрде қатысып, АЭС салудың елдің болашағына тигізетін әсері туралы өз ойларымен бөлісті.
Мұғалімдер білім беру мен ауылдың дамуына оң ықпал ететін бастамаларды қолдайтынын білдірді, сонымен қатар, жас ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды талап етті.
Кездесу барысында АЭС салудың маңыздылығы, ел экономикасына, экологиясына әсері, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарының ашылуы туралы сөз қозғалды.
Қоғам белсендісі С.Бекмұрзаев АЭС-тің қауіпсіздігі мен тиімділігіне тоқталып, әлемнің басқа елдеріндегі тәжірибелерді мысалға келтірді. Сонымен қатар, бұл жоба ауылды дамытуға үлкен үлес қосатыны туралы пікір айтылды.
Тұрғындар мен мұғалімдер өздерінің сұрақтарын қойып, АЭС салу барысында экологиялық қауіптер мен оның ауыл шаруашылығына және ауыл тұрғындарының денсаулығына әсері туралы пікірлерін білдірді. Бұл кездесу АЭС салу жобасы жөнінде ауыл тұрғындарының көзқарасын білу және ашық талқылау алаңын құру мақсатында ұйымдастырылды.
