Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық мәслихат депутаты Сакен Маженов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің көркемдік жетекшісі Сейіт Бекмұрзаев «Қазақтелеком» АҚ Түркістан облысы Төлеби біріккен өндірістік телекоммуникация торабы ұжымымен кездесті. Кездесу барысында алдағы референдум бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
С.Бекмұрзаев өз сөзінде АЭС салу ел болашағы үшін маңызды екені жасырын емес. Оны Мемлекет басшысы да нақты айтты. Алайда қоғамдық, пікірдің де салмағы бар екенін ескеруіміз керек. Бұл ретте Қасым-Жомарт Кемелұлы атом электр стансасын салу немесе салмау мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешуді жөн деп санады. Әрине, елдің айтар ойы, қосар үлесі зор. Сондықтан Президенттің мұндай шешімге келуі — қуантарлық жағдай екендігін айтып өтті.
Келесі сөз кезегін алған С.Маженов Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы-бұл болашаққа маңызды қадам, онда энергия қауіпсіз және табиғатқа қамқорлықпен өндірілетін болады. Атом энергиясы зиянды заттардың ең аз шығарылуымен тұрақты электр энергиясын алуға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.
Кездесуге қатысшы мекеме ұжымы көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, өз ой-пікірлерін білдірді.