«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Төлеби ауданы Алатау ауылдық округінде тазалық шаралары жүргізілді. Акцияның аты айтып тұрғандай, оның мақсаты – азаматтарды өз қаласы мен ауылын, ауласын таза ұстап, көшет отырғызуға үндеу.
«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен «Таза бейсенбі» тақырыбындағы іс-шара барысында өзен жағалаулары пластик және шыны бөтелкелерден, күл-қоқыстан тазартылды.
«AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуанышбек Қансейітов тазалық шарасына қатысушыларға «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығын түсіндіріп, атсалысқан барша азаматтарға алғысын жеткізді. Төлеби ауданы — тұмса табиғаты, саф таза ауасымен танылған қасиетті өлке, сондықтан да ауасын жұтып, суын ішіп отырған өлкеге деген сүйісппеншілігіміз шексіз болу керектігін айтқан Қуанышбек Үсіпәліұлы сол сүйіспеншілікті арттыруға ықпал ететін мәселе – тазалық екенін түсіндірді. Округ тұрғындарына қоршаған ортаның тазалығына аса назар аударуды мақсат еткен экологиялық шараны насихаттап, бүгін мен болашаққа арналған игі істі қолдауға шақырды.
Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су[1] немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.
Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ, төмен қарай ағып келе жатқанда оған өзгеде жылғалар, өзен-бұлақтар мен су көздері қосылады. Елді мекендердің басым бөлігі өзен жағаларында орналасады. Өзендер, сондай-ақ, ауыл шаруашылығына да қолайлы. Өйткені, өзен аңғарлары мен жазықтарының топырағы өте құнарлы болады.
1 Өзен және өзен жүйесі
2 Сипаттама
3 Өзендердің түрлері және олардың классификациясы
4 Өзеннің су режимі
5 Су ресурстары
6 Жоғалу қаупі төнген өзендері
7 Қызықты деректер
8 Тағы қараңыз
9 Дереккөздер
Өзен және өзен жүйесі
Арна — өзен суы ағып жатқан ойпат.
Қайнар көзі — өзеннің бастауы. Бұл бұлақ, еріген мұздық, кез келген басқа су қоймасы немесе екі ағынның қосылуы болуы мүмкін.
Өзен сағасы — өзеннің аяқталатын жері, ол теңізге, мұхитқа немесе басқа су ағынына құяды.
Өзен жүйесі тек өзеннің өзі емес, оның салалары да болып табылады.
Өзен бассейні — барлық су жиналатын белгілі бір аумақ. Барлық бассейндер су айрықтарымен бөлінген, олардың рөлін биіктік атқарады.[2]
Өзеннің негізгі бөліктері – бастауы (басталар жері) және атырауы (көлге, теңізге құяр жері). Ірі өзендердің жоғарғы, орта және төмен ағысы болады. Тікелей көлдерге, теңіздерге құятын немесе құмдар мен батпақтарға сіңетін өзендер – негізгі және оларға келіп қосылатын өзендер алғашқының салалары деп аталады. Негізгі өзен өзінің салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды. Өзен жүйесі мен су жиналатын алаптан өзен алабы құралады. Екі өзен алабы суайырық арқылы ажыратылады. Өзен негізінен жер бедерінің созыңқы ойыс жерлері – өзен аңғары бойымен (неғұрлым төменірек бөлігі – арна, тасқын сулар ғана жететін жері – жайылма) ағады. Өзен қар суы, жаңбыр, мұздық және жер асты суларының есебінен толығып отырады. Жергілікті жер бедеріне байланысты тау өзені және жазық-дала өзені болып бөлінеді. Өзен торының жиілігі және ағысының бағыты табиғат жағдайларына байланысты. Экваторлық белдеуде және қоңыржай белдеудің таулы аудандарында суы мол өзен торы жиі орналасқан. Шөлді аймақтарда қар суы мен қатты нөсер әсерінен уақытша өзендер пайда болады. Дүние жүзіндегі ірі өзендер: Амазонка, Ніл, Миссисипи, Янцзы, т.б. Қазақстан жерінде 85 мыңнан астам өзен мен жылға бар. Оның 8 мыңға жуығының ұзындығы 10 км-ден, 155-і 100 км-ден, 4-нің (Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл) ұзындығы 1000 км-ден асады. Барлық өзендердің су қоры 110 млрд. м3, олардың ағын мөлшері 3460 м³/с. СЭС салуға болатын 2174 өзеннің жылдық су-энергетикасының жалпы қоры – 170,6 млрд. кВт/сағ. Ірі СЭС-тер Ертіс (Бұқтырма, Өскемен), Іле (Қапшағай), Сырдария (Шардара) өзендері бойында салынған. Республикадағы ірі өзендерде жолаушы, жүк тасымалданады. Су жолының жалпы ұзындығы 6000 км. Өзен – арзан энергия көзі, бағалы балық қоймасы, жайылмасы – құнарлы топырақты шалғын.
Өзендерді таза ұстайық!