ТАЗАЛЫҚҚА ШАҚЫРАМЫЗ.
Төлеби ауданы әкімдігі, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-сі және “JAKE TAU” тур агентігімен бірлесе ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 150 жастың қатысуымен сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік барысында Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі таулы аймақта орналасқан демалыс орындары маңында, Бадам өзені жағалауларының бойында қоқыстарды тазалап, жабайы өскен, қураған ағаштар алынды. Жалпы жастар белсенді атсалысып, тазалыққа шақырып, 5 тоннаға жуық қоқыс шығарды. Қоқыс шығарып қана қоймай командаға бөлініп, жарысып, көңіл көтеріп, белсенді жастар марапатталды. Бірінші орын алған командаға Арнайы демалыс аймағына бір күн тегін демалуға жолдама берілді. Барша қатысқан жастарға 150 балмұздақ таратылды.
Осы орайда, аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің қызметкері Қалу Береке барша қазақстандықтарды тазалық акциясына атсалысып, үй маңын таза ұстауға, құрылыс қалдықтарын арнайы орынға тастауға шақырды.