Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі, Қайнар елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Аманжол Шадыров жеке қаражаты есебінен мал бордақылау алаңы мен сою бекетін іске қосуда. Алаң аумағы 2,5 гектар болса, бір мезгілде 150 бас ірі қара мал бордақылауға қаүқарлы. Жоба құны 250 млн теңге, 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Аудан әкімі Төлеген Телғараев елді мекенге барған іс-сапары барысында кәсіпкермен кездесіп, кәсібінің жай-күйімен танысты. Аудан басшысы кәсіпкерлік саласын дамытуды қолға алғандарға мемлекет тарапынан қолдау мақсатында арнайы «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» мен «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» жобалар енген айтып, ол бойынша түсіндірді.
Шағын және орта бизнестің бәсекелестікке қабілеттілігін қалыптастыруда және кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін арттыру бағытында жұмыстар жүргізілетінін айтып, кәсіпкердің еңбегіне табыс тілеп, әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.
