Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен барлық мемлекеттік органның басты міндеті – отандық және шетелдік инвесторларға қолайлы орта қалыптастыру екенін атап өткен болатын.

✅ Осы тапсырма аясында Төлеби ауданында инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.

🔹 2025 жылғы 11 ақпандағы №56 өкіммен аудандық инвестициялық штаб құрылып, тұрақты жұмыс жүргізуде. Оның аясында:
– Инвесторлармен тұрақты кездесулер өтеді;
– Проблемалар зерделеніп, нақты шешімдер қабылданады;
– Инфрақұрылым және құжат рәсімдеу барысы бақылауда ұсталады.

⚖️ Сондай-ақ, «Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасы негізінде инвестициялық жобаларға құқықтық қолдау көрсетілуде. Бұл – инвесторлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды тетік.

💼 Төлеби ауданы әкімдігі ісін жаңа бастаған немесе кәсібін кеңейтуге ниетті кәсіпкерлерге Заң аясында жан-жақты қолдау көрсетуге әрқашан дайын.

🔎 Егер заңсыз кедергілерге тап болсаңыз, аудан әкімдігіне тікелей хабарласуыңызды сұранамын.

🌿 Туризм мен кәсіпкерлікке қолайлы өңір ретінде Төлеби ауданында жаңа мүмкіндіктерге бірге жол ашамыз!

🤝 Бірлесе еңбек етіп, ауданымыздың дамуына нақты үлес қосайық!

Еркеғали Әлімқұлов
Төлеби ауданының әкімі