ТҮРКІСТАН: ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ СУҒА ШОМЫЛУ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

✔️Түркістан облысында өрт қауіпсіздігін сақтау және суға шомылу маусымындағы сақтық іс-шаралары күшейтіледі. Бұл мәселелер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Өңір басшысы жауапты тұлғалардың есебін тыңдап, қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

📌– Соңғы 3 жылда суға кеткен жағдайларға талдау жасап, оқиғалар суға кеткен көп тіркелген орындарда ескерту белгілерін орнатуды тапсырамын. Мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізілсін. Баланың өміріне бәріміз жауаптымыз. Каналдарға, өзендерге баланы қараусыз жібермеу керек. Орман, дала өрттерінің алдын алу және шомылу маусымын тұрақты бақылауда ұстаңыздар. Өрт қауіпсіздігіне қатысты жобалар, жұмыстар толық атқарылсын, – деген Нұралхан Көшеров өрт сөндіру бекеттерін салуды кешеуілдеткен аудан, қала әкімдерінің есебін тыңдап, тиісті ескерту жасады.

✔️Жиында Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Төлешев пен Түркістан облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының басшысы Санжар Бүрлібаевтің баяндамалары тыңдалды.

✔️Өрт қауіпті кезең басталғалы орман қоры аумағында өрт тіркелмеген. Ал дала алқаптарында 8 рет өрт шығып, аумағы 45 гектарды құрады. Мемлекеттік өрт сөндіру бекеттері жоқ елді мекендерде 37 өрт сөндіру бекетін құру туралы тапсырма берілген. Бүгінгі күнге 10 бекет құрылып, өз жұмыстарын атқаруда. Қалған 27 бекетті салу жұмыстары жалғасады. Сондай-ақ жоспар бойынша белгіленген 14 мың шақырымның 13958 шақырымына минералды жолақтар қазылған. Осы бағытта алдын алудағы іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті мекемелер мен ұйымдарға тапсырмалар берілген. Мәселе бақылауда тұр.

✔️Биыл шомылу маусымының басталмағанына қарамастан облыс аумағында түрлі жағдайларда суға кету оқиғалары тіркелген. Арасында балалар да бар.

✔️Өңірде құзырлы мекемелер тарапынан су айдындарында патрульдеу, рейд жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері 657 рет рейд жүргізіліп, нәтижесінде судағы қауіпсіздік қағидаларын бұзған 32 жеке тұлғаға 440 384 теңге айыппұл салынды.

✔️Мамандар суда шомылу ережесін қатаң сақтауды, балаларды қараусыз қалдырмау керек екенін ескертеді. Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары, су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____________
ТУРКЕСТАН: ОБСУДИЛИ РАБОТУ ПО ПРЕДУПРЕЖДЕНИЮ ПОЖАРОВ И СОБЛЮДЕНИЮ БЕЗОПАСНОСТИ ВО ВРЕМЯ КУПАНИЯ

✔️В Туркестанской области будут усилены меры пожарной безопасности и предосторожности в купальный сезон. Эти вопросы обсуждались на совещании под председательством акима области Нуралхана Кушерова. Глава региона заслушал отчеты ответственных лиц и поручил усилить работу по обеспечению безопасности.

📌»Поручаю проанализировать случаи гибели на воде за последние три года и установить предупреждающие знаки в местах с наибольшим количеством зарегистрированных несчастных случаев. Провести разъяснительную работу в школах. Мы все несем ответственность за жизни детей. Нельзя оставлять детей без присмотра у водоемов и отпускать их туда одних. Профилактика лесных и степных пожаров и несчастных случаев на воде должна быть под постоянным контролем. Поручаю полностью выполнить меры по обеспечению пожарной безопасности, — сказал Нуралхан Кушеров.

✔️Глава региона заслушал отчеты акимов районов и городов, задержавших строительство пожарных постов, и сделал соответствующее предупреждение.

✔️На совещании были заслушаны доклады начальника департамента по чрезвычайным ситуациям Туркестанской области Аскара Тулешева и руководителя управления мобилизационной подготовки, территориальной обороны и гражданской защиты Туркестанской области Санжара Бурлибаева.

✔️С начала пожароопасного периода на территории лесного фонда пожаров не зарегистрировано. В степных массивах же произошло восемь пожаров на площади 45 га. Дано поручение о создании 37 пожарных постов в населенных пунктах, где нет государственных пожарных постов. На сегодняшний день созданы 10 постов, ведется работа по строительству еще 27-ми. Также на 13 958 км из запланированных 14 тыс. км вырыты минеральные полосы. Утвержден план профилактических мероприятий, даны поручения соответствующим учреждениям и организациям. Вопрос обеспечения мер безопасности стоит на контроле.

✔️Несмотря на то, что купальный сезон в регионе официально еще не начался, на территории области в различных условиях утонули 29 человек, среди которых есть несовершеннолетние. Зафиксированы также факты падения детей, оставшихся без попечения родителей, в каналы и арыки.

✔️В регионе ведется патрулирование водоемов, рейдовые работы с участием компетентных учреждений. С начала года проведено 657 рейдов, в результате которых 32 физических лица, нарушивших правила безопасности на воде, оштрафованы на 440 384 тенге.

✔️Специалисты предупреждают о необходимости строгого соблюдения правил поведения на воде, не оставлять детей без присмотра. В этом направлении будет усилена разъяснительная работа, меры безопасности на водоемах.

Пресс-служба акима Туркестанской области