«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА АРДАГЕРДІҢ ҮЙ АУЛАСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының  «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында жұмыстар жалғасын табуда.
Апталық тақырыбына сай,  ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағы тазаланып, сенбілік  өткізілді. 
Аталған шара Төлеби ауданы Киелітас ауылдық округінде жалғасын тауып, еріктілер мен жастар, тұрғындардың қатысуымен тыл ардагері Рустемова Тазахан апамыздың үйінің ауласына тазалап, шөп орып, ағаштарды әктеп, абаттандыру жұмыстары атқарылды.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
#Таза_Қазақстан
#Өнегелі_ұрпақ
#Төлеби
