Қоғамдық пікір көшбасшыларының жарияланымдары

Айна Әбілқасымова:

Әлемдік саясат пен экономика сарапшысы батыстың тәуелсіз институттарына «соқыр» сенуге болмайтынын айтады, себебі V-Dem, Freedom House және Transparency International сияқты зерттеу институттары көбінесе демеушілердің, оның ішінде үкіметтер мен саяси мүддесі бар корпорациялардың қаржылай қолдауына тәуелді. Бұл олардың объективтілігіне күмән тудырады, өйткені зерттеулердің деректері мен әдістемесі алдын ала белгіленген нәтижелерге бейімделуі мүмкін. Мысалы, мұндай институттар батыс саяси бағытына сәйкес келмейтін елдердің рейтингін төмендетіп, «ыңғайлы» мемлекеттерге жоғары баға беруі мүмкін.
Манипуляцияның нақты мысалдарына Венгрия, Украина және Бразилия сияқты елдердің рейтингтерінің саяси жағдайға және батыс демеушілерінің ықпалына байланысты өзгеруі жатады. V-Dem секілді институттар Лула да Силва басқарып отырған Бразилия сияқты «ыңғайлы» елдердегі демократиялық еркіндіктің нақты бұзылуын ескермейді, ал батыстың бағытына сәйкес келмейтін мемлекеттерге төмен баға қояды. Бұл көптеген «тәуелсіз» зерттеулердің демократияны саяси жағдайға қарай түсіндіретінін көрсетеді.

Даурен Сейітжанұлы:

Журналист 3 мамыр – Бүкіләлемдік сөз бостандығы күні екенін еске салады. Бұл – тек журналистердің кәсіби мерекесі ғана емес, әрбір азаматтың шындықты білу, өз пікірін білдіру және ақпарат тарату құқығы туралы маңызды ескерту. Алайда сөз бостандығы – бұл не айтқың келсе, соны айту мүмкіндігі ғана емес, үлкен жауапкершілік. Әсіресе журналистер үшін, өйткені олардың сөзі қоғам санасына әсер етеді. Журналистика сөз бостандығын этикалық қағидалармен ұштастыруы тиіс, себебі БАҚ-тағы әрбір сөз адамдардың өміріне, қоғамның тұрақтылығына, тіпті мемлекеттің жағдайына әсер етуі мүмкін.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Норвегия мен Финляндия сияқты елдерде жоғары журналистік стандарттар сөз бостандығын қамтамасыз етеді, бірақ жалған ақпарат таратқандар жазасыз қалмайды. Қазақстан да журналистік этиканы дамыту мен БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіруге ұмтылуда. Әрбір журналист өз сөзінің салдарын түсініп, кәсіби стандарттарды ұстануы маңызды, себебі дәл осы қоғамның журналистикаға және сөз бостандығына деген сенімін нығайтады.
Публикации лидеров общественного мнения

Айна Абылкасимова:

Аналитик мировой политики и экономики сообщает, что нельзя «слепо» доверять независимым западным институтам, поскольку исследовательские институты, такие как V-Dem, Freedom House и Transparency International, часто зависят от спонсорских средств, включая правительства и корпорации с политической повесткой. Это ставит под сомнение их объективность, поскольку данные и методология исследований могут быть предвзятыми и подстраиваться под нужные результаты. Например, такие институты могут занижать рейтинги стран, которые не соответствуют западной политической повестке, и завышать оценки для «удобных» государств.
Конкретные примеры манипуляций включают изменения в оценках стран, таких как Венгрия, Украина и Бразилия, в зависимости от политической ситуации и влияния западных спонсоров. Институты, такие как V-Dem, не учитывают реальные нарушения демократических свобод в «удобных» странах, например, в Бразилии под руководством Лулы да Сильвы, в то время как страны, не вписывающиеся в западную повестку, получают сниженные рейтинги. Это подчеркивает, что многие «независимые» исследования трактуют демократию в зависимости от политической конъюнктуры.

Даурен Сейитжанулы:

Журналист рассуждает, что 3 мая – Международный день свободы слова, который является не только профессиональным праздником журналистов, но и важным напоминанием для каждого гражданина о праве знать правду, выражать свое мнение и распространять информацию. Однако свобода слова – это не возможность говорить что угодно, а большая ответственность, особенно для журналистов, которые через свои слова влияют на общественное сознание. Журналистика должна сочетать свободу слова и этические принципы, ведь каждое слово, особенно в СМИ, может повлиять на жизни людей, стабильность общества и даже государства.
Мировой опыт показывает, что в таких странах, как Норвегия и Финляндия, высокие стандарты журналистики обеспечивают свободу слова, но при этом за распространение ложной информации никто не остается безнаказанным. Казахстан также стремится развивать журналистскую этику и улучшать законодательство в области СМИ. Важно, чтобы каждый журналист осознавал последствия своих слов и придерживался высоких профессиональных стандартов, так как именно это укрепляет доверие общества к журналистике и свободе слова.