Қаратөбе ауылдық округінде ауыл әкімін сайлау науқаны өтуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалар бағдар­ла­масы аясында кейінгі жылдары аудан, қала, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтуде. Халық ел жағдайымее етене таныс, халық үшін қалтқысыз қызмет ететін азаматты өздері таңдауда.
Бүгін, Қаратөбе ауылдық округінде сайлау өтіп, халқы өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскелеріне ағылуда. Тұрғындар үміткерлер арасынан округті алдағы бес жыл басқаратын азаматты таңдап, дауыс беруде.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі