«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ
Азаматтарға қаржылық және құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру бағытында «AMANAT» партиясы мен Halyk Bank-тің бірлескен бастамасы негізінде «Қарызсыз қоғам» − халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған жоба жүзеге асуда. Арнайы ереже дайындалып, аталған жобада несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрған ауыл тұрғындары, қарызы бар және оның мерзімін өткізіп алған азаматтар, мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға үміткер кәсіпкерлер оқудан өтуде.
Халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы биыл барлық өңірде жүргізілуде. Мамандар жыл бойы 200 мың қазақстандыққа қаржылық сауат курстарын өткізеді.
«Қарызсыз қоғам», аясында Төлеби ауданында семинар өту кестесі бекітілді. Бекітілген кестеге сай, алғашқы жиын Қаратөбе ауылдық округінде өтті. Екінші басқосу Қасқасу ауылдық округінде ұйымдастырылып, қаржылық сауатын арттыру бойынша мамандар дәріс оқып, тұрғындар сұрақтарына жауап берді.
